Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылордадағы клиенттері Сырдарьяның сол жақ жағалауында тұратын болады
28 маусым 2017
Баспасөз хабарламасы
Қызылорда 28.06.17ж.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылордадағы клиенттері Сырдарьяның сол жақ жағалауында тұратын болады
- Бірінші кезекте қаламыздың сол жақ жағалауында бірыңғай стильде салынған жеке үйлерден тұратын тұрғын үй ықшам ауданы салынады. Қазір телімдер тегістеліп жатыр, тіпті алғашқы ныандардың іргетасы төселіп, инженерлік коммуникациялар жеткізіліп жатыр. Құрылыс аяқталған соң, бұл тұрғын үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатып алуға болады», - дейді ҚТҚЖБ Басқармасының Төрайымы Ләззат Ибрагимова.
40 үйге арналған 4 ықшамаудан салыну жоспарланып отыр. Осы ықшамауданнан тұрғын үй алуға үміткер ретінде жеке тұрғын үй құрылысынан жер телімін алуға кезекте тұрғандар қарастырылады. Жер әкімдіктің атынан тегін беріледі, ал сол жерге тұрғызылған үйлер сатылатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы мақсатта, үміткерде тұрғын үй бағасының 30% болған жағдайда, жылдық 5%-бен жеңілдігі бар кредит береді.
Биылғы жылы Қызылорда облысында 7 000-нан аса салымшы өз депозиттерін ашып, болашақ өз үйлеріне ақша жинап жатыр. 1 400 салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы өз тұрғын үй жағдайларын жақсартып алды. Көп ұзамай тағы 700 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады. "Бәйтерек девелопмент" желісі бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Арай» ықшамауданында олар үшін 14 үй салынды. Пулдар тіпті құрылып та қойды, салымшылар төлемқабілеттілігін растайтын рәсімдерден өтіп, сатып алу-сату шартына қол қойып жатыр.
«Өз үйім» меншікті бағдарламасы аясында ҚТҚЖБ клиенттері үшін 200 пәтерлі 4 үй салынып жатыр. Бұл нысандар құрылысты пайдалануға берілуі бойынша кезең-кезеңмен іске асырылады. 2017 жылғы шілде айынан бастап өтініштерді қабылдау басталады. 1 ш.м. құны 142 000 теңгені құрайды.
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушыжалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.
БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпарат
+7 (727) 279 35 11 (і/н. 00344/00544),
pr@hcsbk.kz