Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді
Баспасөз-релизі
Алматы ж. 02.05.2017 ж.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден астам өтемақы төленді.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) өз салымшыларына көлемі 20,1 млрд. теңге болатын өтемақының екінші жартысын мерзімінен бұрын төледі. Өтемақының екінші траншы 2015 жылдың 18 тамызы күні клиент депозитінде жатқан соманың 15,8%-ын құрайды. Аталған қаржы жалпы саны 284 221 депозитке аударылды.
«Өтемақының екінші жартысын төлеуге бағытталған 20,1 миллиард теңгенің 9 млрд. теңгеге жуығы банктің өз қаржысы болып табылады. Осы орайда, біздің соңғы 5 жылда тапқан барлық табысымызды өтемақыға жұмсағанымызды айта кету керек. Себебі, біз үшін азаматтардың өз салымдарын сақтап қалып, армандаған баспаналарына қол жеткізуі өте маңызды», - деп атап өтті, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Естеріңізде болса, 2015 жылдың 18 тамызында ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшыраған еді. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын сақтап қалу мақсатында Үкіметке арнайы механизм әзірлеу бойынша тапсырма берді. Тапсырма берілген уақытта бағам айырмасы 30-35 пайыз болып тұрды. Осыған орай, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, салымшыларға өтемақы төлеу механизмін ұсынған болатын. Нәтижесінде, өтемақы көлемі 35,5% болып бекітілді.
2016 жылы банк 29,3 миллиард теңгені құрайтын өтемақының алғашқы траншын төледі. Оның 18,8 млрд. теңгесі мемлекеттік бюджеттен, 10,4 млрд. теңгесі банктің өз қаржысынан бөлінген болатын. 19,7%-ды құрайтын алғашқы транш 316 760 салымшыға төленді. (2016 жылдың 1-тамызына дейін 19,2% төленді, 2016 жылдың соңына дейін 0,5% қосымша төленді).
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады және Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырушы жалғыз банк.
БАҚ-ға арналған қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (ішкі 00344/00544/00271)
pr@hcsbk.kz