Баспасөз-релизі: Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады
Баспасөз-релизі
Алматы қ. 11.05.2017 ж.
Fitch Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде растады.
Fitch Ratings «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес компаниясы) эмитент дефолтінің ұзақ мерзімді рейтингін (бұдан әрі – ЭДР) «BBB-» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Рейтингтік агенттіктің баспасөз хабарламасына сәйкес, ұзақ мерзімді ЭРД-ні және ұзақ мерзімді ЭРД-ні қолдау деңгейін растау, бұл ұйымдарға қажет болған жағдайда қолдау көрсетуге Қазақстан билігінің жоғары әзірлігі туралы Fitch-тің пікірін білдіреді.
«Сонымен қатар, Fitch-тің пайымдауынша, Банктегі акциялардың бақылау пакетін сақтау ниеті мен жүргізіліп отырған саясаттағы банктің рөлін ескергенде, биліктің ҚТҮҚЖБ-ны жартылай жекешелендіру жоспары мемлекеттің қолдау көрсету әзірлігіне елеулі ықпал етпейді», – делінген халықаралық рейтинг агенттігінің хабарламасында.
«Біз үшін рейтингтің расталуы Банк таңдаған экономикалық бағыттың дұрыстығының тағы бір дәлелі, онда тәуекел-менеджментіне жіті назар аударуға және кредит қоржынының сапасын қолдау бойынша жүйелі саясатқа басымдылық берілген», – деп түйіндеді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.
Fitch-тің пікірінше, ҚТҮҚЖБ кредиттерінің жақсы сапасы (2016 ж. аяғына қарай жұмыс істемейтін кредиттердің көрсеткіші – 0,4%) мен капиталының күшті қорын (2016 ж. аяғына қарай Fitch әдістемесі бойынша негізгі капитал – 4,1%) ескергенде, орта мерзімді болашақта қолдау көрсетуді талап ету мүмкіндігі аз.
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын Қазақстандағы бірден-бір банк.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (іш. 00344/00544/00271),