Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
26 мамыр 2017
Баспасөз хабарламасы
Алматы қ. 26.05.2017 ж.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Ләззат Ибрагимова мен Даниал Ахметов Семейде де жеке тұрғын үй құрылысына қарқын беруге келісті. Бұл өз алдына бөлек бағдарлама болмақ. Қалада шаршы метрлерге деген сұраныс өте үлкен, тұрғын үйдің кезегінде 10 мың адам тұр.
- Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы – өзінің аймақтық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырып жатқан еліміздегі бірден-бір өңір. Облыс бюджетінен тұрғын үй құрылысына қосымша қаржы бөліп отыр. Бұл бағдарлама бойынша салымшыларға 8,5-9,5%-бен емес, «Нұрлы жер» бағдарламасындағыдай жеңілдігі бар мөлшерлемемен – 5%-бен кредит беру мәселесін мемлекеттік органдармен бірге қарастырып жатырмыз. Пайыздық мөлшерлемелерді азайту үшін мемлекеттің банкке бөлген ақшасы бұған толық жетеді, – деп мәлімдеді Ләззат Ибрагимова.
Жұмыс мәселелері талқыланғаннан кейін ҚТҚЖБ басшысы мен облыс әкімінің орынбасары Қуат Тұмабаев өңірлік бағдарлама аясында тұрғын үй алған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына пәтер кілтін тапсырды. Пәтер сатып алушылардың пулына 90 клиент кіріп отыр.
Жалпы алғанда, биыл өңірде банк салымшыларына 980 пәтер өткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк болып табылады.
БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (іш. 00344/00544/00271),
pr@hcsbk.kz