Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді бастады
3 ақпан 2017
Баспасөз-релизі
Алматы қ. 03.02.2017 ж.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өз салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді бастады
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік сыйақының 20%-ы 200 АЕК-тен аспайтын (айлық есептік көрсеткіш) салым сомасына есептеледі. АЕК 2016 жылы 2121 теңгеге тең болғандықтан, сыйақының ең жоғарғы көлемі - 84 840 теңгені құрайды. Егер, бір жылда жиналған қаражат сомасы 200 АЕК-тен асатын болса, ынталандырылмаған жинақ қалдығы келесі жылы мемлекет сыйақысын есептеу кезінде ескерілетін болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңға сәйкес, егер салымшы Банкпен арадағы шартты 3 жыл мерзімге дейін бұзатын болса, салым бойынша есептелген мемлекет сыйақысы бюджетке қайтаруға жатады.