Құрметті клиенттер!
30 сәуір 2020
2020 жылдың 15 сәуірінен бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несие төлемдерін кейінге шегеру үшін өтінімдер қабылдай бастады. Егер сіз әлі күнге дейін өтінім беріп үлгермесеңіз, онда оны елімізде енгізілген Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін өткізе алатыныңызды еске саламыз.
Несиені кейінге шегеру мерзімі өзгермейді: банк сіздің кестеңізге сәйкес, ағымдағы төлем жасалған күннен бастап өз қалауыңыз бойынша 1 айдан 3 айға дейін несие шегерімін ұсынады. Мысалы, сіздің несиені өтеу мерзіміңіз - 25 наурыз, ал сіз оны төлей алмадыңыз делік. Демек, шегеру 25 наурыздан бастап 3 айға беріледі. Ал егер сізде 16 наурызға дейін өтелуі тиіс мерзімі өткен несиелік қарызыңыз болса, онда оны төлеуіңіз керек.
Несие төлемдерін кейінге шегеру үшін өтінімдер ЖССБ24 Интернет-банкингінде қабылданады. Яғни, өтінімді алып банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Шегеруді алу үшін толтырылған өтінімнің болуы жеткілікті. Растайтын құжаттар керек емес, қосымша келісім де жасалынбайды, сондай-ақ, шегеру үшін комиссия алынбайды.
ЖССБ24-тегі барлық операциялар клиенттің телефон нөмірімен байланыстырылғандықтан, Интернет-банкингке кіру үшін сізге өзіңіз қолданып жүрген телефоныңыздың нөмірі қажет. Егер келісімшарт жасалғаннан кейін нөміріңіз өзгеріп кетсе, онда сіз өзіңіздің реквизиттеріңіз бен телефон нөміріңізді hcsbk.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы операторларымызбен байланысып, өзгерте аласыз. Содан кейін, өз телефон нөміріңізбен Интернет-банкингке кіріп, несие төлемдерін кейінге шегеру үшін өтінім беруіңізге болады.