«Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында объектілерде тұрғын үйді брондай алатын ЖАО-да кезекте тұрған адамдардың тобы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар есебінен көбейгеніне және оны Банктің алғаш рет іске асырып отырғанына байланысты, сондай-ақ тұрғын үйді әділ және қатесіз бөлу мақсатында Банк Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Абай ықшамауданы, Алтын орда көшесі, 6/44, 3-корпус (55-дақ), 6/44, 4-корпус (56-дақ), 6/29 (74-дақ), 6/43, 3-корпус (50-дақ), 6/31, 3-корпус (72-дақ), 6/30 (73-дақ), 6/31 (69-дақ), 6/46, (47-дақ), 6/31, 1-корпус (70-дақ), 6/36 (64-дақ), 6/34 (66-дақ), 6/3, 2-корпус (117-дақ), 6/29, 1-корпус (75-дақ), 6/3, 1-корпус (116-дақ), 6/27 (78-дақ), 6/23 (8-дақ) мекенжайында орналасқан «Alma City-5» ТК – 3-кезек бойынша өтініштерді қабылдау мерзімін 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Объектіде барлығы 1666 пәтер бар.
Объект «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында пулдарды қалыптастырусыз (тікелей сату жолымен) іске асырылады.
ЖАО-да кез келген кезекте тұрған адам, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушысы ұнаған пәтерді брондауға өтініш бере алады.
Біліктілігін растаған «Бақытты отбасы» қатысушылары саралау кезінде кіші санаттарға және ЖАО-ға кезекке қойылған күніне сәйкес мынадай тәртіппен басымдыққа ие болады:
Жылжымайтын мүлік порталы әрбір пәтер бойынша жеке-жеке есептелген сыйақы сомасына қарай кандидаттардың тізімін автоматты түрде саралайтынын атап өтеміз.
Осы объект бойынша тікелей сатуға қатысатын «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына қатысушыларға Банктің уәкілетті органы беретін оң шешімнің мерзімі автоматты түрде 6 айға ұзартылатын болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!