Құрметті "Отбасы банк"АҚ клиенттері!
2 сентября 2021
Бөлінген қаражаттың игерілуіне байланысты, 09.09.2021 жылдан бастап Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" пилоттық жобасы аясында жеке құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үй сатып алу туралы кредиттік өтінімдерін қабылдау аяқталады.
Осы орайда, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" пилоттық жобасы аясында BASPANA.kz жылжымайтын мүлік порталында ұсынылған тұрғын үй сатып алу туралы өтінімдерді қабылдау жалғасуда.