Құрметті клиенттер!
20 сәуір 2021
«Қазақтелеком» АҚ провайдері арқылы интернетке қосылған пайдаланушыларда банк порталдарына кіру кезінде кедергілер туындап отырғанын хабарлаймыз. Атап айтсақ, hcsbk.kz, baspana.kz сайттары мен enpf-otbasy.kz платформасына өту кезінде уақытша қиындықтар туындауы мүмкін.
Beeline интернет-қолданушыларында мұндай мәселе байқалмайды.
«Отбасы Банк» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, мәселенің себептерін анықтап, ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Егер сізде Отбасы банкінің сыртқы сайттарына қол жеткізуде қиындықтарға тап болсаңыз, провайдерге хабарласып, өтініш қалдыруларыңызды сұраймыз.