Құрметті клиенттер!
15 мамыр 2020
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық бөлімшелері қайта ашылып, банк сайты арқылы алдын ала брондау бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтіндігін қуана хабарлаймыз.
Банк бөлімшесіне бару үшін, www.hcsbk.kz сайтында баратын уақытыңызды белгілеп, алдын ала жазылып қоюыңызды өтінеміз. Елімізде әлі де қоғамдық орындарға барушылар санына шектеу қойылғандықтан, бұл шаралар алынғанға дейін біз клиенттерді тек онлайн-брондау жүйесі бойынша ғана қабылдай аламыз. Сіздер алдағы 10 жұмыс күні ішіндегі бос уақытты таңдай аласыздар.
Бөлімшелерімізде банктік операциялардың барлық түрлері бойынша қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, "Бақытты отбасы" және "Әскери өнім" секілді барлық бағдарламаларға қатысу үшін несиелік өтінімдер қабылданады.
Бұған қоса, сіздер үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің www.hcsbk.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы қашықтан ұсынылатын қызмет түрлері мен депозиттік және несиелік операциялар қолжетімді.
Біз сіздерден әлі де қауіпсіздік шараларын мықтап ұстануларыңызды, бетперделерді тағып, арақашықтықты сақтауларыңызды және де барлық бөлімшелерімізде орнатылған санитайзерлерді қолдануларыңызды өтінеміз.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қош келдіңіздер!