Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

11 мамыр 2020
Достар, біздің сіздер үшін тамаша жаңалығымыз бар! Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үйде отырып-ақ алуға болатын онлайн-қызметтердің жаңа түрлерін іске қосты.
Яғни, 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап банк сайтындағы «Видеоқоңырау» сервисі арқылы клиенттер келесі қызметтерді ала алады:
✓ ағымдағы шотты ашу;
✓ реквизиттерді өзгерту (жеке куәлік, телефон, мекенжай және т.б.);
✓ салым шарттарын өзгерту (мерзім, сомасы);
✓ салымды бөлу.
Сондай-ақ, сіз ЖССБ24 Интернет банкингі арқылы қаражатты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі ағымдағы шотыңыздан өзге банктегі өз шоттарыңызға аудара аласыз.
Телефон нөмірі өзгерген салымшылар үшін реквизиттерді ауыстыру операциясы өте тиімді. Бұл Интернет-банкингті пайдалану кезінде маңызды. Себебі барлық операция банк смс-хабарлама түрінде жіберетін бірретік құпиясөз көмегімен жүзеге асырылады.
Ағымдағы шот несие өтеу барысында және басқа операциялар кезінде оған қаражат аудару үшін керек. Ағымдағы шоттағы ақшаны басқа кез келген екінші деңгейлі банктегі клиент шотына аударуға болады.
«Салым шарттарын өзгерту» қызметі депозит бойынша оңтайлы жарнаны есептеуге, осылайша оқшаулану кезеңінде клиенттерге мүмкіндігіне қарай ақша жинауға жол ашады.
Салымды бөлу жинақ сомасын бөліп, депозит параметрлерін және банк бағдарламаларына болашақта қатысу ықтималдығын сақтай отырып, ақшаның бір бөлігін шешіп алуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру