Қызылорда қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдау туралы
Құрметті салымшылар!
2015 жылғы 20 сәуірден 4 мамырға дейінгі аралықта тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтындығын хабарлаймыз. ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады.
Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекенжайы) Қызылорда қаласы, Ипподром ауданы № 6, үш бөлмелі, 5-қабатта орналасқан, жалпы ауданы 71,96 ш.м., 50- пәтер (барлығы 1 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрі 90 мың. теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2014 жылғы 4 тоқсан.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін» бөлімінде танысуға болады.
Өтінішті Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі, 122 үй мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.