Қызылорда қ., Арай-2 мөлтек ауданындағы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін өтініш қабылдау туралы
Құрметті салымшылар!
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында "Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй" бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келген тұлғалардан қалыптасатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Арай-2» мөлтек ауданындағы №1, №2, №3, №4, №5 үйлерге (барлығы 240 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 120 пәтер), бағасы 1 шаршы метрі 100 000 теңге «таза әрлеу» болатын тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша 2015 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйек аралығында қабылданатындығы туралы хабарлаймыз.
Тұрғын үй құрылысы 2015 жылдың III –маусымында аяқталады.
Банктің Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 120 үй мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тапсыруға болады.
Өтініш тек Банк салымшыларының өзінен ғана қабылданады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануымен) егжей-тегжейлі танысуға болады.