Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығы мемлекеттік марапаттарға ие болды.
14 желтоқсан 2016
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов «Құрмет» орденімен және Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының «Еңбек сіңірген қаржыгері» қоғамдық орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Банк Басшысы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медаль иесі атанды.

«Құрмет» орденімен, сондай-ақ, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қайрат Алтынбеков те марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі ТҚЖБ Орталық филиалының директоры Нұрлан Күзембаевқа ұсынылды.

Мемлекеттік марапаттар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында берілді. Осылайша, Елбасы Банк басшылығының мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, мол еңбектері мен қоғамдық қызметтерін атап өтті.