Техникалық сипаттамаларына өзгеруі туралы хабарландыру
Құрметті, салымшылар!
2022 жылдың 10 қантар сағат 10:00-ден бастап 2022 жылдың 10 ақпанға сағат 23:00-ге дейінгі кезеңінде «ШҚО, Семей қ., «Карагайлы» тұрғын ауданы көшесінде орналасқан 9 қабатты, 72 пәтерлі тұрғын үйі, №5 позиция, 1910 коды» нысаны бойынша (бұдан әрі-Нысан) «Өз үйім» бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға арналған өтініштер қабылдау жүргізіледі.
Банкке ЖАО-дан келіп түскен хатқа сай, аталған нысан бойынша үйлердің нөмірленуін бекітуге байланысты тұрғын үйлердің техникалық сипаттамалары өзгерді: жоғарыда аталған нысанның атауы: «Қарағайлы тұрғын алабындағы 9 қабатты 72 пәтерлі тұрғын үй, № 81, 1910 коды».
Сонымен қатар, осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банк күшін жою туралы өтінішті алмаған жағдайда, Банк салымшы осы өзгерістермен келіседі деп есептейтін болады. «Өз үйім» бағдарламасына қатысуды жалғастыруға ниет білдірген салымшыларға, Банк «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламасының тәртібі мен талаптарында тұрғын үйді одан әрі өткізуді жалғастыратын болады.
Іске асыру жоспарланған Құрылыс нысандары туралы жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді баспана» бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында бақылап отыруыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.