Құрметті, салымшылар!
""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Нысан: "ШҚО Өскемен қаласының 19-шы тұрғын ауданында инженерлік желілері бар көп қабатты тұрғын үй салу 60А ұстаным», орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 22.07.2021 ж., сағат 10:00-19:00 дейін.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің https://baspana.otbasybank.kz/интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://baspana.otbasybank.kz/интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!