Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыру

Тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізу туралы хабарландыру

12 наурыз 2021

Құрметті, салымшылар! 

""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды. 

Нысан: «Өскемен қаласының 19 тұрғын үй ауданының төртінші орамындағы бес қабатты тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен». Тұрғын үй 89/1 ұстаным, орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданы.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 120 000 теңге (мансарда – 5 этаж) «таза» әрлеудегі теңге.

Пәтер саны: 1
1-бөлмелі пәтер, (мансарда қабаты), 1- пәтер, максималды көлемі – 43,18 ш.м.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 15.03.2021 жылдан бастап 09.04.2021 жылға дейін.

Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру