Құрметті, салымшылар!
""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы.». Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 156 000 теңге «таза» әрлеудегі теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.06.2021 жылдан бастап 14.06.2021 жылға дейін.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) мерзімі: тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!