Құрметті, салымшылар!
""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Нысан: «Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы», нысан коды 1625. Орналасқан мекенжайы: Қазақстан, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 31.08.2021 ж., сағат 10:00-19:00 дейін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://baspana.otbasybank.kz/интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!