Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер «Жеке кабинет» арқылы қабылданады

Тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініштер «Жеке кабинет» арқылы қабылданады

6 марта 2015

Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Банк салымшыларына қолайлы жағдай тудыру мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» (бұған дейін – Қолжетімді түрғын үй 2020) бойынша тұрғын үйді сатып алушылардың пулына қатысу үшін өтініштерді Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы комиссия төлемінсіз қабылдайтындығын хабарлайды. 

Өтініш беру мерзімі мен уақты балл тағайындау саны мен өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Банктің www.hcsbk.kz сайтында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының суреттемесімен, оның ішінде ғимарат қасбеті және пәтерлердің жоспарлануымен егжей-тегжейлі танысуға болады.

Әр құрылыс объектісі бойынша өтініш қабылдау мерзімі Банк сайтында жеке хабарландыру түрінде орналастырылады.

Өтінішті беру жөніндегі толық нұсқаумен Сіз мұнда таныса аласыз.

«Жеке кабинетті» ашу жөніндегі нұсқау.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру