Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.

26 тамыз 2021
Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.

Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 13 жер телім, 2 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1736».
Құрылыстың аяқталу: 2021 жылдың маусым айында
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 160 000 теңге.
Барлығы: 31 пәтер!
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 36,78 шаршы метр
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,73 шаршы метр
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 8 пәтер, ең жоғарғы аудан 55,04 шаршы метр
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 12 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,91 шаршы метр

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 27 тамыздан бастап 2021 жылдың 15 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 16 қыркүйек 2021 жыл
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру