Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы хабарландыру

31 наурыз 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк)   Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау арқылы дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 11 жер телім, 1 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1709».

Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың маусым айында
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 140 000 теңге.

Барлығы: 80 пәтер!
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы аудан 43,77 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 25 пәтер, ең жоғарғы аудан 55,46 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 30 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,81 шаршы метр
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы аудан 75,66 шаршы метр

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін (қоса алғанда)

Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 21 сәуір 2021 жыл

Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.

Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру