Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Тұрғын үйдің «таза» әрленгендегі 1 ш.м. бағасы: 200 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына пул қалыптастырусыз «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 08.11.2021 ж. бастап 18.11.2021 ж. дейін.
Брондау мерзімі 08.11.2021 10-00 бастап (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) 18.11.2021 жылға сағат 23-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініштер Банктің салымшыларынан, ЖАО кезекте тұрғандардан, ЖАО кезегінде тұрғандардан да, соның ішінде «Бақытты отбасы» бағытында, келесі санаттар бойынша қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; 2) көп балалы отбасылар; 3) толық емес отбасылар.
Өтініш Банктің https://otbasybank.kz/ интернет -ресурсында берілген.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар, құрылыс нысанының сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері мен тұрғын үйдің орналасу схемасын қарау туралы Банктің www.hcsbk.kz интернет -ресурсынан «Қолжетімді баспана» бөлімінде және / немесе Банктің интернет -ресурсында https://otbasybank.kz/
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!