Тұрғын үй-коммуналдық дамудың "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс жөніндегі хабарландыру.
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, 17 жер телім, 9 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панельді тұрғын үй құрылысы, объектінің коды 1826».
Құрылыстың аяқталу / аяқталған мерзімі: 2021 жылдың қыркүйек айында
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: «таза» әрленгенде 118 000 теңге.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 7 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,19 шаршы метр;
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 62,9 шаршы метр.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 15 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 22 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 23 желтоқсан 2021 жыл.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұратын, оның ішінде "Бақытты отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Несие беру, егер Өтініш берушінің таңдалған тұрғын үй құнынан кемінде 20% мөлшерінде жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болса мүмкін болады, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» бағыттарына қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz. және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.