Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Астана қаласында жобалық атаулары A82, A91 бар көшелер қиылысы аймағында кіріктірілген үй-жайлары мен автотұрақтары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы» 2-бөлім (Блок-1,2). Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы, А82,А91 көшелер маныңда орналасқан. Нысан коды 1591.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 01.03.2021 ж. бастап 14.03.2021 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 15.03.2021 жыл
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz Интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!