Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының "ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату" бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Ақмола обл, Буланды ауд, Макинск қал, Бөгенбай көш, 25Б үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй», нысан коды1792».
Ақмола обл, Буланды ауд, Макинск қал, Бөгенбай көш, 25Б үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылысты аяқтаудың жоспарлы мерзімі: желтоқсан 2020 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: 130 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 24 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 3 желтоқсан 2021 жыл.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады, оның ішінде "Бақытты отбасы" бығыты бойынша, келесі санаттар бойынша қабылданады:
Пулға қатысуға өтінішті Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында беруге болады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде, "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағыттарына қатысушылар үшін -таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10%-ы болған кезде мүмкін болады.
Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын көруге болады.
Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлардың санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!