Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін сату» (ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйі) бағыты бойынша пулды қалыптастырусыз тұрғын үйді сататындығы жөнінде хабарлайды.
Нысан: "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің Сол жақ жағалауында орналасқан, 50 пәтерлік №42 көппәтерлі тұрғын үйлердегі", Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сол Жағалау шағын ауданы №42 үй мекенжайы бойынша орналасқан, нысан коды-1559.
Пулды қалыптастырусыз «Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 24.09.2021ж. бастап сағат 10:00 - ден 15.10.2021ж. 19:00-ге дейін.
Жүйе үміткерлердің тізімін есептелген сыйақы мөлшеріне қарай орналастырады. Өтініш беру кезінде клиент бірнеше депозиттерді таңдай алады, салымшының жарналары жинақталады.
Ең жоғары сыйақы мөлшері бар үміткерге пәтер брондауы тағайындалады.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
Біліктілік кезеңі (төлем қабілеттілігін растау): тұрғын үйді брондаған уақыттан бастап 5(бес) жұмыс күні.
Өтінімдер Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ интернет-ресурсында қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.otbasybank.kz/ және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!