Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 7 үй мекенжайында орналасқан «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі» нысаны.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 10.11.2021 ж. бастап 22.11.2021 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 23.11.2021 жыл
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің Otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!