Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қосымша конкурс туралы хабарлайды.
Нысан: «Трилистник» көпқабатты тұрғын үйі, орналасқан мекенжайы: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 7 үй.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: тамыз 2020 жыл.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы 140 000 теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.11.2020 ж. бастап 13.12.2020 ж. дейін.
Ұпайларды есептеу күні (Үміткерлерді іріктеу): 14.12.2020 жыл
Өтініштер тек ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылмайтын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Пулға өтініштерді беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Өтінішті беру күні мен уақыты тағайындалған ұпайлар мен өтініш берушілердің кезектілігіне ықпал етпейді. Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!