Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «3-қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй», Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында, Байқоңыров көшесі, 28А үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 5% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!