Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: ««Р.Қошқарбаев пен А104 көшелерінің қиылысында кіріктірілген үй-жайы мен автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы (жобалық атауы)».
Тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы Есіл өзенінің оң жағалауында, Р.Қошқарбаев пен А104 көшелер қиылысында (жобалық атауы), жақын жерде «Small» СҮ орналасқан.
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 30.04.2021 жыл.
Қатысуға арналған өтініш қабылдау мерзімі: 19.04.2021 ж. бастап 11.05.2021 ж. дейін
Ұпайлар есептелінетін (Үміткерлерді іріктейтін) күн: 12.05.2021
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген үпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-ның кезек күтушілері болып табылатын Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 10% кем емес көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінен толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!