Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Түркістан қаласының Жаңа Қала ш..а Шымкент Тас Жолы көшедегі №12/1 жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені», объектінің коды 1721.
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Конкурсқа қатысу үшін, Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы керек.
Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!