Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініш қабылдау арқылы дауыс берудің басталуы туралы хабарландыру

4 қазан 2021

Құрметті салымшылар!

«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.

Нысан: «Түркістан қаласының ӘІО орналасқан 5-7 қабатты 23 тұрғын үйдің құрылысы (7 қабатты 13 тұрғын үй)». Сыртқы желілерсіз және абаттандырусыз, (объектінің коды 1803), орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қ. ӘІО

Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: қыркүйек 2021 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 180 000 теңге «таза» әрлеуде.
Жайлылық сыныбы: 4.

Пәтер саны: 98
Пәтер түрі: 1, 1-бөлмелі: 14 пәтер, максималды көлемі 36,14 ш.м.
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 42 пәтер, максималды көлемі 58,46 ш.м.
Пәтер түрі: 3, 3-бөлмелі: 42 пәтер, максималды көлемі 69,36 ш.м.

Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 05 қазанынан бастап 2021 жылдың 20 қазанына (қоса алғанда) дейін.

Ұпайлар есептелетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 21 қазан 2021 жыл.

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.

Конкурсқа қатысу үшін, Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы қажет.

Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.otbasybank.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру