Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «18 жер телім, 7 белгі. Сүлейменов көшесінің соңындағы ірі панельді тұрғын үй құрылысы», объектінің коды 1608, орналасқан жері: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңында (15 мөлтек ауданы)
Құрылыстын жоспарланған аяқталу мерзімі: қазан 2020 жыл
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 118 000 теңге «таза» әрлеуде
Жайлылық сыныбы: 4
Пәтер саны: 36
Пәтер түрі: 2, 2-бөлмелі: 36 пәтер, максималды ауданы 62,9 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап 2020 жылдың 7 желтоқсанына дейін
Қатысушылардың тізімін іріктеу күн (Үміткерлерді іріктеу): 8 желтоқсан 2020 жыл
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында baspana.kz беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етуі мүмкін.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Займ беру үшін, өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында займ сомасының 10% кем емес сома болу қажет.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!