Құрметті салымшылар!
«Отбасы Банк» АҚ (әрі қарай – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлаймыз.
Нысан: «Тараз, Сүлейменов көшесінің соңы, ірі панельді тұрғын үй құрылысы, 18 жер телімі, белгі 6, объектінің коды 1607».
Тұрғын үй-коммуналдық даму 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» бағыты бойынша тікелей брондау арқылы қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 17 мамырдан бастап 2021 жылдың 14 маусымға дейін. Квалификация мерзімі (төлем қабілеттілігін анықтау): брон жасалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнде.
Өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өтініштер ЖАО тұрғын-үй кезегінде тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!