Өскемен қ. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың «09» ақпанынан бастап 2015 жылдың «08» сәуіріне дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылдайтынын хабарлайды. ЖАО-ның тұрғын үй бөлу нәтижесі бойынша бөлінбей қалған пәтерлерді жүзеге асыру үшін, пул «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекенжайы) ШҚО, Өскемен қаласы, 19 тұрғын ауданда орналасқан «Бес қабатты тұрғын үй, 73 айқындама» көп пәтерлі тұрғын үй (барлығы 30 пәтер).
Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 100 000 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: сәуір 2015 жыл.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бөлімінде танысуға болады.
Банктің барлық филиалдарында өтініш беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1;
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2;
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2;
мекенжайларында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.