Павлодар қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау туралы
Құрметті салымшылар!
2015 жылғы 1 шілде мен 31 тамызды қоса алғандағы мерзім аралығында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынып жатқан тұрғын үйден «таза» әрлеудегі пәтерлерді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініштер қабылдайтындығы туралы хабарлаймыз. Ол «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының», «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде таныса аласыз.
Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан Павлодар облысы, Павлодар қаласы Димитров көшесінде орналасқан 108 пәтерлі, 9 қабатты, 3 кіреберісті тұрғын үй құрылысы (барлығы 56 пәтер). Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге.
Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2015 жылдың қараша айы.
Өтініштерді Банктің барлық филиалдарында, сонымен қатар, Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы "Клиенттің жеке кабинетінде" бере аласыз.
Құрылыс нысанасы бойынша неғұрлым толығырақ ақпарат алу және өтініш беру үшін: Павлодар облысы, Павлодар қ., Абай к-сі, 75 үй мекенжайына хабарласу қажет, байланыс телефондары: 8 (7182) 209701; 8 (7182) 209200; 8 (7182) 209703; 8 (7182) 209704; 8 (7182) 209705; Факс: 8 (7182) 209700.
Өтініштер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларынан Банктың барлық филиалдарында қабылданады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылардың пулын қалыптастыру ережелерімен www.hcsbk.kz сайтында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.