Құрметті, салымшы!
"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Кредиттік тұрғын үй құрылысы" бойынша Пулды кұрусыз тұрғын үйді сату жөнінде хабарлайды. "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйі.
Нысандар: "5 қабатты 4 кіреберісті Қызылорда қ, Бәйтерек көшесі 81А тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Қызылорда облысы, Қызылорда қ, Бәйтерек көшесі, 81А үй.
Тұрғын үй типі: 1 пәтер/жеке тұрғын үй, ең көп ауданы 59 ш.м.
Пулды құрусыз "Нұрлы жол" мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 14.09.2021 бастап 18.10.2021 жылға дейін.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтінішті беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Банктік www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қол жетімді баспана" тарауында және/немесе baspana.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға болады, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйлердің жобасын көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!