Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» және «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға несие беру» (Бақытты отбасы) бағыттары бойынша Пулды құрусыз тұрғын үйлердің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Панель центр» шағын ауданы, № 3 үй мекенжайында орналасқан «Көппәтерлі тұрғын үй» нысаны.
Пулды құрусыз «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 10.11.2021 ж. бастап 09.12.2021 ж. дейін (қоса алғанда).
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Пулға өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!