Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі-Банк) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «ЖАО-ның әлеуметтік кредиттік тұрғын үйін өткізу» бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру мерзімінің 2021 жылдың 11-ші қаңтарына дейін ұзартылғандығын хабарлайды.
Нысан: Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Аксай қаласы, 10 ы/а,18 үй мекенжайы бойынша орналасқан «БҚО, Бөрлі ауданының, Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 ықшамауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (37-белгі, сыртқы инженерлік желілерсіз)».
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген ұпайлар санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурстарындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!