Құрметті, салымшы!
"Отбасы Банк" Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі-Банк) "Кредиттік тұрғын үй құрылысы" бойынша Пулды кұрусыз тұрғын үйді сату жөнінде хабарлайды. "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйі.
Нысандар: "Суворов көшесінде орналасқан 9 қабатты 4 кіреберісті тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Қазақстан, Павлодар қ. Малайсары батыр көшесі, 53.
Құрылыстың аяқталу жоспарланған мерзімі: 11.05.2017 жыл.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 178 020,14 теңге
Пулды құрусыз "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі: 13.09.2021 бастап 27.09.2021 дейін.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтінішті беру Банктің baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады
Банктік www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қол жетімді баспана" тарауында және/немесе baspana.kz интернет-ресурсында өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға болады, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйлердің жобасын көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!