«Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында пулсыз (конкурссыз) пәтерлерді сату туралы хабарлама!
Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк»» АҚ (әрі қарай - Банк) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша пулсыз пәтерлерді сату туралы хабарлайды.
Нысан: Ақтөбе қ., «Нұр-Ақтөбе» т.а, №1 ш/а, 9 үй «3 қабатты тұрғын үй»
1 ш/метрінің бағасы таза әрлеуде:
1-бөлмелі пәтер, 1 ш/метрінің бағасы 120 000 теңге
1-бөлмелі пәтер түрі: 1 пәтер, ең жоғарғы аудан 46,7 шаршы метр
Пулсыз пәтерлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 26.02.2021ж. (Нұр-сұлтан қ. уақытымен 00:00 бастап) – 10.03.2021ж. (қоса алғанда)
Тұрғын үйге өтінім берген кезде тұрғын үй жинақ мөлшері - 50 000 теңге.
Төлемқабілеттілік уақыты: пәтерге бронь қойғаннан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет – ресурсы арқылы бересіз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет - ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе www.baspana.kz интернет - ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағының компьютерлерінде, сондай-ақ Инстаграммдағы филиалдың ресми парақшасында сіз "Нұрлы жер" ТҮҚМБ қатысу және брондау жөніндегі толық нұсқаулықпен таныса аласыз.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан қабылданады