Қарағанды қ. тұрғын үй құрылысы жөнінде ЖАО-мен Ынтымақтастық келісімінің жасалғандығы туралы
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігімен «Қарағанды қ., Республика даңғылы мен Гудермес көшелерінің қиылысы, №137 есеп орамы (құрылыстың II кезеңі) №1, 2 блок-секциялары» (барлығы 74 пәтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бойынша 37 пәтер, 1 шаршы метрі 90000 теңге) мекен-жайында орналасқан тұрғын үй құрылысы бойынша Ынтымақтастық жөніндегі келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2015 жылдың шілде айы.
Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: шамамен 2015 жылдың 12 мамырынан бастап.
Банктің Қарағанды қ., Ермеков к-сі №54, 56 мекен-жайында орналасқан филиалында байланыс телефондары: 8 (7212) 43-62-02, 43-62-52 немесе Қарағанды қ., Шахтерлар даңғылы №82 үй (ЦО №1), байланыс телефондары: 8 (7212) 33-43-69, 33-43-28, немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен және құрылыс нысанасының суреттемесімен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.