Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу мерзімінің өзгеруі туралы

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді бөлу мерзімінің өзгеруі туралы

5 мамыр 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу» бағыты бойынша тұрғын үйді таңдау мен бөлу мерзімінің өзгеруі туралы хабарлайды.

Нысан: Ақтөбе қ., "Нұр-Ақтөбе" тұрғын массиві, 1 шағын аудан, №37 үй (нысан коды 1067) мекенжайында орналасқан 4 қабатты тұрғын үй.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 120 000 теңге.

Пәтер саны: 48, оның ішінде:
1-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 42,8 шаршы метр
2-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 59,9 шаршы метр
3-бөлмелі пәтер түрі: 16 пәтер, ең жоғарғы аудан 69,9 шаршы метр

Іріктеу (төлем қабілеттілігін бағалау) мерзімі: 03.04.2018 жылдан бастап 20.04.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді таңдау кезеңі: 03.04.2018 жылдан бастап 10.05.2018 жылға дейін
Тұрғын үйді бөлу күні: 11.05.2018 жылға дейін

Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысуға болады. Соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін көре аласыздар.
Пәтер үйлестіру тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында орналасқан.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру