Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Жамбыл көшесі 40", мекен-жайы бойынша орналасқан 96 пәтерлі тұрғын үй» (нысан коды 1755)
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің https://baspana.kz/ интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етуі мүмкін.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады
Заем беру Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің https://baspana.kz/ және/немесе https://hcsbk.kz/ru/# интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!