2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына "Шаңырақ" бағыты бойынша қатысуға арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру
Құрметті, салымшы!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) «Шаңырақ» бағыты бойынша 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға арналған өтініштерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Нысан: " Ақмола обл, Буланды ауд, Макинск қал, Бөгенбай көш, 25Б үй, 5 қабатты, 45 пәтерлі тұрғын ұй", Ақмола обл, Буланды ауд, Макинск қал, Бөгенбай көш, 25Б үй - мекенжайы бойынша орналасқан.
Тұрғын үйдің 1 ш. м. құны: "таза" әрлеудегі 130 000 теңге
Жайлылық класы: 4
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 15 пәтер, 35,17 максималды ауданы
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 18 пәтер, 57,4 максималды ауданы
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 12 пәтер, 68,0 максималды ауданы
Сатып алушылар тізімін қалыптастыру (үміткерлерді іріктеу) күні: 2021 жылғы 1 наурыз
Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етуі мүмкін.
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады
Заем беру Өтініш берушіде жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% - ы көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы болған кезде мүмкін болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.