Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тікелей сату туралы хабарландыру

30 декабря 2021

Нысан: "Ақкент" ТК, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, №90/2 ж.т. Объектінің коды №2037

Тапсырыс берушінің атауы: " Айт Құрылыс Сауда" ЖШС

Құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі: 14.07.2024 ж.

Барлығы 50 пәтер!
Ең төменгі бастапқы жарна - 50% (Заем алуға өтініш берген сәтте енгізу қажет).
Несие бойынша пайызы – 3,5% бастап – 7% дейін.

Орналасуы: Алматы қ., Алатау ауданы, Ақкент ықшам ауданы, №90/2 ж.т.
Тұрғын үйдің (Нысандағы үлесі) 1 ш.м. құны: 350 000 теңгеден бастап.
Жайлылық класы: IV, қара әрлеуде.

Пәтер саны: 50
1 бөлмелі пәтер: 9 пәтер, ең жоғарғы аудан 29,53 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 410 000 теңгеден.
1 бөлмелі пәтер: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан 46,33 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 370 000 теңгеден.
1 бөлмелі пәтер: 3 пәтер, ең жоғарғы аудан 40,86 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 390 000 теңгеден.
2 бөлмелі пәтер: 9 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,5 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 370 000 теңгеден.
3 бөлмелі пәтер: 17 пәтер, ең жоғарғы аудан 77,2 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 350 000 теңгеден.
3 бөлмелі пәтер: 2 пәтер, ең жоғарғы аудан 77,2 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 360 000 теңгеден.
3 бөлмелі пәтер: 4 пәтер, ең жоғарғы аудан 77,2 ш.м., 1 ш.м. бағасы: 370 000 теңгеден.

Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 05.01.2022 ж. бастап сағат 10:00 - ден 01.02.2022 ж. 23:00-ге дейін.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін өтініш берушінің Отбасы Банкіндегі жинақтау шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге болуы керек.

Егер өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ шоты болса, аралық займға өтінім беруге болады (Объектідегі үлестер). Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.

Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.

Төлемқабілеттілігін бағалау мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш беру Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің https://otbasybank.kz/ интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.

• Егер бірінші үміткер өтінімді жойса немесе біліктілігінен өтпесе, https://otbasybank.kz/ жеке кабинетіндегі тізімдегі келесі үміткер 24 сағат ішінде Өтінішке қол қоюы керек, содан кейін біліктілікті Банкте тапсыруы қажет.

Сіздің пәтеріңізге 5 қадам:
1. Депозит ашу және пәтер таңдау!
2. Банкке құжаттарды тапсыруға үлгеру!
3. Несие беру туралы Банктен жағымды шешім алу
4. Сатып алу-сату шартын жасасу және Банкте заем рәсімдеу
5. ПӘТЕР СІЗДІКІ! 
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!!!

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру