Құрметті салымшылар!
«Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі-Банк) тұрғын үйлерді Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО Әлеуметтік несиелік тұрғын үйді жүзеге асыру» бағыты бойынша пул қалыптастырусыз өткізетіні туралы хабарлайды.
Нысан: Шымкент қаласы, Каратау ауданы, Тұран м/а, мекенжайында орналасқан «Шымкент қаласы,Тұран шағынауданы 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы (4 тұрғын үй), (1 және 2 кезек) (сыртқы инженерлік желілерсіз), (8 блок)» код 1569.
Пул құрусыз Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 10.03.2021ж. бастап 10.04.2021ж. дейін.
Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): тұрғын үйді брондаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні.
Өтініш берушінің жинақ шотында пәтер құнының 20% кем емес көлемдегі тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде пулға қатысуға өтініш беру мүмкін болады.
Өтініш беру Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетімен және пәтерлердің жоспарлануымен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді баспана» бөлімінен және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысып, көруге болады.
Өтініштер тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!