Ең маңыздысы
Ипотекалық кредитті 5% және одан төмен мөлшерлемемен алудың бірегей тәсілі!
Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Отбасы банкінен депозит ашыңыз
2.Бар болғаны үш талапты орындаңыз:
- қаражатты депозитіңізде кемінде үш жыл жинақтаңыз
- сізге қажетті соманың жартысын жинақтаңыз (50%)
- бағалау көрсеткішінің (БК) ең төмен деңгейіне жетіңіз

Егер Сіз барлық үш талапты орындасаңыз – тұрғын үй заемын жылдық 5% (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9% дейін) мөлшерлемемен ала аласыз

Егер, Сіз бұл талаптарды асыра орындаған болсаңыз, яғни, қаражатты ұзақ мерзім жинасаңыз – несие мөлшерлемесі төмендейді (ең төменгі мөлшерлеме - 3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4% дейін))
Сіз жинаған сомаға жыл сайын Банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысы есептеледі.
Алынған несиеге тұрғын үйді еліміздің кез-келген қаласынан сатып алуға болады.
Сіз, сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жүйесінің бірнеше маңызды терминдерін білуіңіз қажет:
Отбасы банкі несиесін пайдалану мақсаты:
Отбасы банкінің несиелерін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана пайдалануға болады. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға:
-
тұрғын үйді сатып алу, жөндеу (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердігерлік жұмыстар төлемін қоса алғанда);
-
үйлер салу (жер телімін сатып алуды қоса алғанда);
-
коммерциялық банктен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру;
-
басқа коммерциялық банктен ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу жатады.
Қарыз алушының Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – Шарт) бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы Банк құқықтары:
- Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
- Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
- Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
- Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.