Арнайы шот | "Отбасы банк" АҚ
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сұрақтарға берілетін жауаптар "Отбасы банк" АҚ

Арнайы шот
Арнайы ағымдағы шот дегеніміз не?
Арнайы ағымдағы шот дегеніміз не?
Жаңартылған уақыты: 19.11.2024 15:18:18
Арнайы ағымдағы шот -  тұрғын үй төлемдерін аудару және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңында белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыруға арналған, ҚР арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне Банк ашатын ағымдағы банктік шот.
87% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шоттағы соманы қалай тексеруге болады?
Арнайы шоттағы соманы қалай тексеруге болады?
Жаңартылған уақыты: 19.11.2024 15:18:19
1. WhatsApp-қа +77059251301 нөмірі бойынша және Отбасы банк Telegram-каналына (@quanysh_bot аккаунты) жазу. Ақпарат "1 - Шот бойынша ақпарат" тармағында берілген";

2. Интернет-банкте немесе Otbasy bank қосымшасында үзінді көшірме жасау;

3. 300 нөміріне қоңырау шалып, жеке куәлік нөмірін теріп, роботқа қосылу.
71% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шотты қалай ашуға болады?
Арнайы шотты қалай ашуға болады?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:49:13

Банкте арнайы шот:
- Банк бөлімшелері арқылы;
- Банк кеңес берушілері арқылы;
- Банктің кеңес беру орталықтары арқылы ашылады.

Арнайы шот ашу үшін төмендегі құжаттарды:
1) клиенттің жеке куәлігін;
2) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шартты;
3) ағымдағы/біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама ұсыну қажет.

83% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен арнайы шоттағы ақшаны қандай мақсатта пайдалана аламын?
Мен арнайы шоттағы ақшаны қандай мақсатта пайдалана аламын?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:49:53

Тұрғын үй төлемдерін мекеме қызметкері төмендегі  мақсаттарға пайдаланады:
1) ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды меншікке сатып алу;
2) ақшаны тұрғын үй жалдау ақысын төлеу үшін  немесе кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін пайдалану;
3) ақшаны бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу үшін пайдалану;
4) ақшаны тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
5) ақшаны тұрғын үй иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
6) ақшаны ТҚЖ түріндегі жинақтарды толықтыру үшін пайдалану;
7) ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану.

% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шот ашу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
Арнайы шот ашу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
Жаңартылған уақыты: 28.10.2024 15:43:32

Қажетті құжаттар:
- тұрғын үй төлемдерін алушының жеке куәлігі;
- Тұрғын үй төлемдері туралы 3 жақты шарт;
- тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.

100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен арнайы шоттағы ақшаны ала аламын ба?
Мен арнайы шоттағы ақшаны ала аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 30.10.2024 16:45:56
Жоқ. Арнайы шоттан тұрғын үй төлемдері тек төмендегі жағдайларда ғана аударылады:
1) клиенттің Банктегі депозитіне аудару;
2) тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін;
3) ағымдағы шотқа ақша есептеу кезінде Банктегі қарызды өтеу.
4) басқа екінші деңгейлі банкте ашылған банктік шотқа қолма-қолсыз ақша аудару.
74% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен арнайы шоттағы ақшаны кредитімді өтеуге пайдалана аламын ба?
Мен арнайы шоттағы ақшаны кредитімді өтеуге пайдалана аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:50:24
Иә. Тұрғын үй төлемдерін ипотекалық қарыздарды өтеу үшін пайдалануға болады.

Егер, Сіз ипотеканы біздің Банкте ресімдеген болсаңыз, ағымдағы шоттан тұрғын үй төлемдері қарызды өтеуге автоматты түрде жіберілетін болады. Қалдық ақша (бар болса) ағымдағы шотта қалады, Сіз оларды депозит - ТҚЖ арнайы салымына жібере аласыз.

Егер, Сіздің ипотекаңыз басқа банкте болса, Сіз тұрғын үй төлемдерін Otbasy bank қосымшасы арқылы қарызыңызды өтеуге жібере аласыз. Аударма жөніндегі нұсқаулық осы жерде көрсетілген. Мына жерде бейненұсқаулық.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен арнайы шоттағы ақшаны тұрғын үй жалдау ақысын төлеуге жібере аламын ба?
Мен арнайы шоттағы ақшаны тұрғын үй жалдау ақысын төлеуге жібере аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 21:05:13
Иә. Арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу   үшін пайдаланылуы мүмкін.

Сіз тұрғын үйді жалдау ақысын төлеуге Otbasy bank қосымшасы арқылы ақша аудара аласыз. Аударма жөніндегі нұсқаулық осы жерде көрсетілген. Мына жерде бейненұсқаулық.

Ақша сол күні аударылады.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шоттағы ақшаны депозитке аударуға бола ма?
Арнайы шоттағы ақшаны депозитке аударуға бола ма?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:50:42
Иә. Арнайы шоттағы тұрғын үй төлемдері ТҚЖ арнайы салымына жинақтау мақсатында аударылуы мүмкін.

Сіз ақшаны арнайы салымға Otbasy bank қосымшасы арқылы аудара аласыз. Аударма жөніндегі нұсқаулық осы жерде көрсетілген. Мына жерде бейненұсқаулық.

Ақша сол күні аударылады.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шотқа қызмет көрсету кезінде қандай комиссиялар бар?
Арнайы шотқа қызмет көрсету кезінде қандай комиссиялар бар?
Жаңартылған уақыты: 26.10.2024 22:07:51
Арнайы шотқа қызмет көрсету кезінде комиссия алынбайды.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Менің атымнан басқа адам арнайы шот аша ала ма?
Менің атымнан басқа адам арнайы шот аша ала ма?
Жаңартылған уақыты: 26.10.2024 22:08:07

Банк ұсынған үлгіге сәйкес және Заң қызметі тексергеннен кейін сенімхат бойынша арнайы шот ашуға және оған қызмет көрсетуге (тұрғын үй төлемдерін аудару бойынша операциялар жасауға) жол беріледі. Сенімхатты нотариат куәландыруы керек.

Сенімхат үлгісін мына жерден алуға болады. Сенімхатта жүргізілетін операциялардың тізбесі көрсетілуі керек.

Сенімхат бойынша депозит ашу кезіндегі қажетті құжаттар:
1) клиенттің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) шотты ашу және (немесе) оған билік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқа);
3) Сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігі;
4) тұрғын үй төлемдері туралы үшжақты шарт;
5) тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.

% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шоттағы ақшаны басқа банктегі шотқа аудара аламын ба?
Арнайы шоттағы ақшаны басқа банктегі шотқа аудара аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 26.10.2024 22:08:27
Иә. ҚР заңнамасында көзделген тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары аясында, тұрғын үй төлемдерін аудару туралы тиісті өтінішті ресімдеу және тиісті шартты (тұрғын үйді жалдау, ипотекалық қарыз, үлестік құрылыс және т. б.) ұсыну қажет.
89% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шот ашу үшін қанша комиссия төлеуім керек?
Арнайы шот ашу үшін қанша комиссия төлеуім керек?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:50:53
Арнайы және жинақ шотын ашқаныңыз үшін комиссия алынбайды.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Депозиттік шоттан арнайы шотқа ақша жіберуге бола ма?
Депозиттік шоттан арнайы шотқа ақша жіберуге бола ма?
Жаңартылған уақыты: 14.11.2024 12:34:55
Жоқ, арнайы шот тек тұрғын үй төлемдерімен толықтырылады.
50% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен ағымдағы шотты ашпай-ақ арнайы шот аша аламын ба?
Мен ағымдағы шотты ашпай-ақ арнайы шот аша аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:51:30
Жоқ. Арнайы шотты ашқан кезде клиентке міндетті түрде ағымдағы шот (Банкте клиенттің ағымдағы шоты болмаған жағдайда) ашылады.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен арнайы шотты жаба аламын ба?
Мен арнайы шотты жаба аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 10:45:02
Арнайы шотты төмендегі жағдайларда ғана жабуға болады:

1) мекеме қызметкерінің өтініші бойынша арнайы шот шартын бұзу. Арнайы шот шартын бұзу мекеме қызметкерінің арнайы шотты жабу туралы өтініші және мекеменің жазбаша келісімі негізінде немесе мекеме қызметкерінің деректерін көрсете отырып, тұрғын үй төлемдерін есептеуді және аударуды тоқтату туралы мекеме хатының негізінде жүзеге асырылады. Арнайы шоттағы сома қалдығы қызметкердің хатында/өтінішінде көрсетілген мекеменің/қызметкердің шотына аударылады.

2) мұраға құқық басталған кезде.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Басқа банктегі арнайы шотымды Сіздің Банкке аударуға бола ма?
Басқа банктегі арнайы шотымды Сіздің Банкке аударуға бола ма?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 10:44:51
Иә. Тиісті өтінішті ресімдеп, Банкке келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- тұрғын үй төлемдерін алушының жеке куәлігі;
- тұрғын үй төлемдері туралы шарт;
- тұрғын үй төлемдерін алушы туралы анықтама.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен Сіздің Банкте ашылған арнайы шотты басқа Банкке аудара аламын ба?
Мен Сіздің Банкте ашылған арнайы шотты басқа Банкке аудара аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 10:44:58
Иә, бұзу туралы өтініштің және мекеменің ақша аудару туралы хатының негізінде арнайы шотты жабу жүзеге асырылады.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Арнайы шотқа тыйым салына ма?
Арнайы шотқа тыйым салына ма?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:51:54

Жоқ, арнайы шоттағы және ТҚЖ арнайы салымындағы тұрғын үй төлемдері:

1) тыйым салуға, өндіріп алуға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жатпайды;

2) бюджетке алып қоюға жатпайды;

3) тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, меншік иесінің немесе басқа да адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Салымшы қайтыс болған жағдайда арнайы шот не болады?
Салымшы қайтыс болған жағдайда арнайы шот не болады?
Жаңартылған уақыты: 01.11.2024 16:52:04
Мұраға құқық басталған кезде, мұраға құқық растайтын құжаттардың негізінде арнайы шотты жабу жүзеге асырылады.
% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру